Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады. Соңғы болып ат спорты шеберлері сынға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Ұлттық құрамада соңғы болып ат спорты өкілдері жарыс жолына шықты.
4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті.
Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады.
Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады.
Жарыс қорытындысы бойынша Qapella атты атпен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңімпаз атанды. БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен екінші орын алса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2437856-qazaqstan-quramasy-2026-zhylgy-aziia-oiyndaryn-84-medalmen-aiaqtady/
