Азиада-2026: ватерполшылар ел қоржынына тағы бір күміс медаль салды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Су добынан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Финалдық матчта қазақстандық ватерполшылар турнир қожайындары – Жапония құрамасымен кездесті. Шешуші бәсеке жапон командасы 24:7 есебімен жеңіске жетті.
Қарсылас ойынның алғашқы кезеңінде-ақ басымдыққа ие болып, 5:0 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде жапондар есеп айырмасын 8:2-ге дейін ұлғайтты. Үлкен үзілістен кейін Қазақстан құрамасы үшінші кезеңде 2:5 есебімен, соңғы сегіз минуттықта 3:6 есебімен қарсыласқа жол берді.
Финалда Қазақстан құрамасы сапында Михаил Рудай ең нәтижелі ойыншы атанды, ол қарсылас қақпасына бағытталған бес соққының төртеуін голға айналдырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия ойындарын күміс медальмен аяқтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2437781-aziada-2026-vaterpolshylar-el-qorzhynyna-tagy-bir-kumis-medal-saldy/
