Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Аралас-командалық жарыс: Қазақстан дзюдо құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

    2026 жылғы Азиададағы Қазақстан дзюдо құрамасы
    Қазақстан дзюдо құрамасы. Фото: Сали Сабиров/ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазақ дзюдошылары командалық жарыста екінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аралас командалық сында 10 елдің өкілдері бақ сынады. Қазақстан құрамасы ширек финалда Қырғызстанды (4:2), ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяны (4:3) жеңді.

    Шешуші бәсекеде Жапония құрамасына 4:0 есебімен жол берді. Жарыс қожайындары финалдың алғашқы төрт белдесуінде жеңіске жетіп, алтынды қанжығасына байлады. Ал қола медальдарды Қытай мен Өзбекстан командалары өзара бөлісті.

    Қазақстан құрамасы сапында Бақытжан Абдурахманов, Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Екатерина Токарева және Меруерт Сәрсенова күміс жүлдегер атанды.

    Осылайша, дзюдодан ұлттық құрама 2026 жылғы Азия ойындарын жеті медальмен – бес күміс және екі қола жүлдемен аяқтады.

    Аралас-командалық жарыс: Қазақстан дзюдо құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram