Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Гимнастшылар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азия ойындарында үздік бестікке кірді

    Ақмарал Ерекешева
    Ақмарал Ерекешева. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей көпсайыста жүлдесіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Финалда доп, шығыршық, ұршық және лента жаттығулары бойынша бақ сынаған он спортшы өнер көрсетті.

    Қазақстан намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғады. Алайда жүлделі орындарға іліге алмады.

    Ерекешева жалпы есепте 108 ұпай жинап, төртінші орын алды. Ертайқызы 106,200 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді.

    Бұл сында Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова (112,950) чемпион атанды, ол Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да жеңіске жеткен болатын. Күміс пен қола жүлдені қытайлық спортшылар Ван Ци (110,050) мен Ван Зилу (109,200) иеленді.

    Сондай-ақ бүгін түстен кейін топтық көпсайыстың финалы өтеді. Мұнда да қазақстандық гимнастшылар жүлдеге таласады.

    Гимнастшылар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азия ойындарында үздік бестікке кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram