Қазақстан қоржынына дзюдодан Азия ойындарының тағы бір қола жүлдесі түсті
Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Екатерина Токарева Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
78 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Екатерина Токарева алдымен Филиппин өкілі Киёми Ватанабені жеңіп, ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Минджу Кимге жол берді.
Дегенмен Екатерина жұбаныш белдесуінде Қытай Тайбэйінің өкілі Шу Хуэй Хсу Вангты жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде Екатерина Иран спортшысы Марьям Барбаттан басым түсіп, 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2437387-qazaqstan-qorzhynyna-dziudodan-aziia-oiyndarynyng-tagy-bir-qola-zhuldesi-tusti/
