Болатбек Сейілхан джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық джиу-джитсушы Сейілхан Болатбек жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда.
77 келідегі Болатбек Сейілхан қола медаль үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесті. Нәтижесінде отандық дерби 2:0 есебімен Болатбектің пайдасына шешілді.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және 48 келідегі Жібек Құлымбетова қола жүлде еншілеген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2437309-bolatbek-seiilhan-dzhiu-dzhitsudan-aziia-oiyndarynyng-qola-zhuldesine-ie-boldy/
