Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық Рита Бакишева Азия ойындарының тарихи жүлдесін иеленді

    Рита Бакишева
    Рита Бакишева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуальды таеквондодан жарыс өтіп жатыр. Қазақстандық Рита Бакишева Азиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Отандасымыз жартылай финалда Филиппин спортшысы Жеус Габриель Дерик Япеге (Филиппин) 0:2 есебімен жол берді. Нәтижесінде Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.

    Ол бұған дейін алғашқы айналымда Мохаммад Аладарбиді (Иордания) 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен айласын асырған еді.

    Виртуалды таэквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Бұл спорт түрін халықаралық World Taekwondo ұйымы ресми түрде мойындады.

    Айта кетейік, Рита Бакишева бүгін 49 келіде де ел намысын қорғайды.

    Қазақстандық Рита Бакишева Азия ойындарының тарихи жүлдесін иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram