Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Азиада-2026 ойындарының жүлдегері атанды

    Дамир Тоқтаров
    Дамир Тоқтаров. Фото: Арлан Олжабай/Olympic.kz

    Қазақстандық құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

    «Жылдамдық» сайысының финалында отандасымыз 7,342 секунд уақыт нәтижесін көрсетіп, үшінші орынға ие болды.

    ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді 4,714 секундта мәреге жеткен Қытай өкілі Шоухун Чу жеңіп алды. Ирандық Реза Әли Пур Шеназанди Фард 5,362 секунд нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Осылайша, Дамир Тоқтаров Қазақстан қоржынына Азия ойындарының қола медалін салды.

    Құзға өрмелеуші Дамир Тоқтаров Азиада-2026 ойындарының жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram