Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ажар Асхат Қазақстан қоржынына дзюдодан Азиаданың төртінші медалін салды

    Ажар Асхат
    Ажар Асхат. Фото: ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

    Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдодан кезекті медаль түсті. Ажар Асхат күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Отандасымыз Ажар Асхат 70 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Рин Маэдамен кім мықтыны анықтады. Шиеленісті белдесуде Ажар қарсыласына есе жіберді.

    21 жастағы қазақ дзюдошысы бүгін Нагоядағы татамиде Таиланд, Тайпей және Моңғолия спортшысын ұтты.

    Ажар Асхат Қазақстан қоржынына дзюдодан Азиаданың төртінші медалін салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram