Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Әділет Алмат
    Әділет Алмат. Фото: ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

    Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошысы Әділет Алмат Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жапонияның Аичи халықаралық аренасында өтіп жатқан дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты.

    Ерлер арасындағы 81 кг салмақтың финалында отандасымыз, биылғы Азия чемпионы Әділет Алмат пен жарыс қожайыны Сотаро Фудживара күш сынасты. Бас жүлде жолындағы тартысты белдесуде әлем чемпионатының күміс жүлдегері жапон палуаны басым түсті. Осылайша 22 жастағы Әділет Қазақстан қоржынына күміс медаль салды.

    Айта кетейік, бұл отандасымыз қатысып жатқан алғашқы Азиада. Бүгін Әділет 1/8 айналымда Тегин Алмазжан уулын (Қырғызстан), ширек финалда Шинбайар Ойинчимегті (Моңғолия) жықты. Ал жартылай финалда Абубәкір Шеровтан (Тәжікстан) мықты екенін дәлелдеді.

    Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram