Жібек Құлымбетова алғаш рет Азия ойындарының жүлдегері атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының тұғырына көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
19 жастағы 48 келіге дейін салмақта Жібек Құлымбетова жарыс жолын 1/8 финалдан бастап, алғашқы айналымда Жолирин Коны (Филиппин) шабуылдағы белсенділік бойынша және ширек финалда Мию Сузукиді (Таиланд) 50:0 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда БАӘ өкілі Алаонод Әлхарбиден 0:7 есебімен есе жіберді.
Жібек Құлымбетова 3-орын үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея спортшысы Хуивон Жангпен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Бірақ шабуылдағы белсенді әрекеті үшін жеңіс отандасымызға берілді.
Осылайша, ұлттық құрама джиу-джитсудан алғашқы жарыс күнін екі медальмен қорытындылады. Бұған дейін Нұржан Батырбеков (69 келіге дейін) күміс жүлде иеленген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2436587-zhibek-qulymbetova-algash-ret-aziia-oiyndarynyng-zhuldegeri-atandy/
