Азиада-2026: тағы екі қазақ спортшысы Азиада алтыны үшін күреседі
Жарияланған күні:

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазақ дзюдошылары Алмат Әділет пен Ажар Асхат финалға жолдама алды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Азиадада 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Алмат Әділет жартылай финалда тәжікстандық Абубәкір Шеровты "вазари" әдісімен жеңді. Финалда ол Жапония өкілі Сотаро Фудзиварамен кездеседі.
-70 келідегі Ажар Асхат жартылай финалда моңғолиялық Анужин Уран-Улзиден басым түсті. Оның да финалдағы қарсыласы – жапониялық Рин Маэда.
-63 келідегі Эсмигүл Куюлова қола медаль үшін белдеседі. Ол қола жүлдені өзбекстандық Маржона Нуруллоевамен сарапқа салады.
-57 келідегі Дана Абдирова да қола жүлде үшін белдеседі. Оның қарсыласы солтүстік кореялық – Ким Хен А.
Финалдық белдесулер Астана уақытымен 13:00-де басталады. Финалдық кезең Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков Азиаданың алтын медаліне таласатынын хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2436544-aziada-2026-tagy-eki-qazaq-sportshysy-aziada-altyny-ushin-kuresedi/
