Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Екатерина Таранцева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

    спортшы Екатерина Таранцева
    Екатерина Таранцева. Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Екатерина Таранцева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында слаломда есуден Қазақстан құрамасына үшінші медальді сыйлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    19 жастағы спортшы жекелей каноэ жарысында бақ сынады. Финалда ол ешқандай айып ұпайын алмай, 112,23 секунд нәтижесін көрсетті.

    Бұл Таранцеваға қорытынды есепте үшінші орынды иеленіп, Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атануға мүмкіндік берді. Ол дәл осындай жүлдені Ханчжоу-2022 ойындарында да алған болатын.

    Жарыста жапониялық Куруми Ито (107,60) жеңіске жетті. Күміс жүлдені қытайлық Чен Линь (111,70) иеленді.

    Слаломда есуден жарыстар 2 қазанда мәресіне жетеді. Осы күні ерлер мен әйелдер каяк-кросс бойынша жүлделерді сарапқа салады.

    Екатерина Таранцева Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram