Слаломда есуден Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті
Жарияланған күні:

Слаломда есуден Александр Коробов ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда есуден Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті.
Ерлер арасында байдаркадан финалда Қазақстан командасының спортшысы Александр Коробов үшінші орын алды. Оның ұпай саны - 94.48. Осылайша отандасымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Осы сайыста қытайлық Жаочан Ху жеңіске жетсе, жарыс қожайыны Юки Танака күміс медаль еншіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2435737-slalomda-esuden-qazaqstan-komandasynyng-qorzhynyna-algashqy-medal-tusti/
