Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Арайлым Шегенова Қазақстан құрамасына Азия ойындарының тарихи медалін сыйлады

    Арайлым Шегенова
    Арайлым Шегенова. Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпида комитеті

    Кураштан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ұлттық құрама өкілі 29 жастағы Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс жолында ол Вьетнам мен Оңтүстік Корея спортшыларын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті.

    Арайлым финалдық жолдаманы Оңтүстік Кореяның тағы бір өкілі Ким Мин Ёнмен сарапқа салды. Тартысты бәсеке қарсыластың жеңісімен аяқталды. Есеп: 1:0.

    Жарыс регламенті бойынша үшінші орын үшін белдесу қарастырылмаған, сондықтан Шегенова қола жүлдегер атанды. Бұл – Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарында кураштан алған тарихтағы бірінші медалі.

    Айти-Нагоядағы жарыста ұлттық құрама қоржынында осы спорт түрінен барлығы екі жүлде бар. Бір күн бұрын Әділет Ахметғали (81 келіге дейін) қола медаль алған еді.

    Арайлым Шегенова Қазақстан құрамасына Азия ойындарының тарихи медалін сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram