Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудан тағы бір медаль иеленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан ерлер құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Спортшылар стенд атудан "трап" бағдарламасы бойынша командалық сайыста үшінші орын алды. Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша 348 ұпай жинаған Әлішер Айсалбаев, Даниил және Марк Почиваловтар қола жүлдені қанжығасына байлады.
Бұл сында Кувейт құрамасы (355) жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Катар өкілдері (349) иеленді.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде Милана Папчихина, Наргиза Сарманова және Элеонора Ибрагимова бастаған Қазақстан құрамасы 319 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. Алтын медальді Қытай құрамасы (346) жеңіп алса, күміс Үндістанға (328), қола Кувейт мергендеріне (325) бұйырды.
Ал жекелей сында Айсалбаев пен Ибрагимова финалға шықты. Спортшылар жүлде жиынтығын бүгін кейінірек сарапқа салады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2434922-qazaqstan-quramasy-2026-zhylgy-aziia-oiyndarynda-stend-atudan-tagy-bir-medal-ielendi/
