Азиада-2026: Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
25 жастағы спортшы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні еңсерді. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 394 келіні бағындырған Әділетұлы екінші орын алып, күміс медаль иеленді.
Алтын медальді қос жаттығу қорытындысы бойынша 398 келіні (180+218) бағындырып, әлем рекордын орнатқан ирандық Әли Әлипур еншіледі. Қола жүлде 384 келіні (179+205) еңсерген қытайлық Ту Йиге бұйырды.
Нұрғиса Әділетұлы мансабында алғаш рет Азия ойындарының тұғырына көтеріліп отыр. Ол 2024 жылы 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында ауыр атлетикадан үш күміс медаль бар. Бұған дейін Аянат Жұмағали (77 келіге дейін) мен жұлқа көтеруде жаңа әлем рекордын орнатқан Алексей Чуркин (85 келіге дейін) жүлдегер атанған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2434559-aziada-2026-nurgisa-adiletuly-auyr-atletikadan-qazaqstan-qorzhynyna-tagy-bir-medal-saldy/
