Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алтын медалінен айырылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті әйелдер арасындағы марафондық қашықтыққа спорттық жүруден нәтижелерді бекітті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарыс 27 қыркүйекте өткен еді. Мәре сызығын Ясмина Тоқсанбаева бірінші болып кесті, алайда кейін оның нәтижесіне наразылық түскен. Азия ойындарының ресми сайтында көрсетілгендей, тексеруден кейін қазақстандық спортшының нәтижесі жойылды.
Оған себеп ретінде регламенттің экипировкаға қатысты тармақтары көрсетілген. Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық олимпиадақ олимпиадалық комитеті World Athletics халықаралық ұйымы Тоқсанбаеваның жарыс аяқ киімі рұқсат етілген жабдықтар тізіміне кіретінін тексергенін атап өткен болатын.
Спортшының өзі Instagram-дағы stories-те нәтиженің жойылғанын растады.
"Осындай өтпелі эмоцияларым үшін кешірім сұраймын. Мен алтын медаль сыйлағым келген еді. Бірақ Алланың ісіне ешкім қарсы тұра алмайды, бұл жағдай мені арманыма жету жолынан тоқтатпайды. Нәтиже жойылды. Біз соңына дейін күрестік.
Мен үшін соңына дейін күрескен барлық суперқаһармандарыма алғыс айтамын! Жеке бапкерімнен бастап, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бүкіл құрамына және спорт министріне дейін рақмет. Бүгін менің жүрегім мың бөлшекке бөлінді", - деп жазды Тоқсанбаева.
Қазақстандық спортшы дисквалификацияланғаннан кейін, марафондық қашықтыққа спорттық жүруден алтын медаль қытайлық Данцзин Цюйцзунға бұйырды. Күміс медаль оның отандасы Ли Маға, ал қола медаль жапониялық Юкико Уменоға тиесілі болды.
Қазақстан құрамасының қоржынында Азия ойындары-2026 бойынша тоғыз алтын медаль бар. Жалпы есепте команда бесінші орында қалып отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2434236-qazaqstan-quramasy-aziia-oiyndarynyng-altyn-medalinen-aiyryldy/
