Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының тоғызыншы алтынын әкелді

    Ясмина Тоқсанбаева
    Ясмина Тоқсанбаева. Фото: Ясмина Тоқсанбаева. Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

    Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    21 жастағы спортшы 42 шақырым 195 метрлік марафондық қашықтықта спорттық жүрістен жеңіске жетті. Бұл дисциплина Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр.

    Тоқсанбаева 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесін көрсетті. Күміс және қола жүлделерді сәйкесінше Қытай өкілдері Данцзин Цюйцзун мен Ли Ма иеленді.

    Тоқсанбаева Азия ойындарында алғаш рет чемпион атанды. Оның алтын медалі – Қазақстан құрамасының биылғы жарыстағы тоғызыншы жүлдесі.

    Марафондық қашықтықтағы спорттық жүрістен ерлер арасында да жарыс өтті. Қазақстандық Георгий Шейко 3 сағат 16 минут 2 секунд нәтижесімен алтыншы орынға ие болды.

    Жарыста жапониялық Хаято Кацуки жеңіске жетті. Қола жүлдені оның отандасы Мотофуми Сува, ал күмісті қытайлық Жу Инчен иеленді.

    Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының тоғызыншы алтынын әкелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram