Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Михаил Шайдоров олимпиада чемпионы мәртебесіндегі алғашқы турнирде қола медаль алды

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында олимпиада чемпионы мәртебесінде қатысқан алғашқы турнирінде жүлделі орынға ие болды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Спортшы маусымды Братиславада өткен "Челленджер" сериясындағы Ондрей Непела мемориалында бастады. Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров үшінші орында болса, еркін бағдарламада да сол позицияны сақтап қалды.

    Екінші жарыс кезінде мәнерлеп сырғанаушы төрттік тулуп, флип (ширек айналым жетіспеушілігімен) және лутц секілді жеке секірулерді, үштік лутц пен тулуптан тұратын каскадты, сондай-ақ төрттік тулуп, ойлер, үштік сальхов және қос аксельден құралған комбинацияны орындады. Үштік аксель кезінде қазақстандық спортшы қону сәтінде қателік жіберді.

    Нәтижесінде Шайдоров еркін бағдарлама үшін 176,77 ұпай жинады. Жалпы есепте 272,75 ұпаймен ол үшінші орынға табан тіреп, қола жүлдені иеленді.

    Ондрей Непела мемориалында бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко (292,09) жеңіске жетті. Күміс жүлдені италиялық Даниэль Грассль (278,80) еншіледі.

    Сонымен қатар Грузияның Батуми қаласында жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңі аяқталды. Мұз үстіндегі биден қазақстандық Ева Шелаева мен Иван Соловьев дуэті 16-орынға тұрақтады. Әйелдер арасындағы жекелей сында Анна Санникова 21-орыннан көрінді.

    Михаил Шайдоров олимпиада чемпионы мәртебесіндегі алғашқы турнирде қола медаль алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram