Полина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық жеңіл атлет Полина Иванова ХХ жазғы Азия ойындарында сырықпен секіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
23 жастағы спортшы 4.15 метр нәтижесін тіркеді. Осы көрсеткішке Үндістан өкілі Бараника Елангован да жетті. Нәтижесінде екі спортшыға қола медаль табысталды.
Алтын жүлдені Жапония спортшысы Мисаки Морота 4.55 метр нәтижемен жеңіп алса, Қытай өкілі Ню Чуньгэ 4.50 метрмен күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Анна Черкашина 4 метр нәтижесімен жетінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Полина Иванова сырықпен секіруден әйелдер арасында Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы медальді әкелді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2433579-polina-ivanova-syryqpen-sekiruden-aziia-oiyndarynyng-qola-zhuldegeri-atandy/
