Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы шаршы алаңда қытайлық Чжао Суаньмен кездесті. Жоғары рейтингінің арқасында екі қарсылас та жарыс жолын бірден 1/8 финалдан бастады.

    Жекпе-жек үш раундқа созылды. Алғашқы екі раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті қытайлық спортшыға берді. Үшінші раундты да төрешілер Чжао Суаньның еншісіне жазды. Нәтижесінде қытайлық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша, Назым Қызайбай 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады. Ол өткен екі Азиадада ширек финалда жеңілген еді.

    Айта кетейік, бұған дейін 80 келіде өнер көрсететін Сабыржан Аққалықов жарыс жолынан шығып қалған болатын.

    Азиада-2026: бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram