Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Милад Карими алғаш рет Азия ойындарының жүлдегері атанды

    Милад Карими
    Милад Карими. Фото: Тұрар Қазанғапов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық гимнаст Милад Карими күміс медальға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    27 жастағы спортшы еркін жаттығудан жекелей сындағы финалда өнер көрсетті. Ол жеті қарсыласынан кейін жарыс жолына шығып, бағдарламаны түйіндеді.

    Карими өрескел қателіктер жібермей, төрешілерден 14,600 ұпай алды. Бұл нәтиже оған екінші орынға тұрақтап, күміс жүлдегер атануға мүмкіндік берді.

    Бұл дисциплинада Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, филиппиндік Карлос Юло (14,666) жеңімпаз атанды. Қола медаль жапониялық Сёма Цукиямаға (14,566) бұйырды.

    Карими спорттық гимнастикадан Қазақстанның ұлттық құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдені сыйлады. Спортшы 25 қыркүйекте кермедегі жаттығудың финалында да бақ сынайды.

    Бұған дейін Карими Азия ойындарында жүлдегерлер қатарына ілікпеген еді. Оның еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығулардан алған қола медалі бар.

    Милад Карими алғаш рет Азия ойындарының жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram