Қазақстан құрамасы байдарка мен каноэде ескек есуден күміс медаль иеленді
Жарияланған күні:

Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Азиадада байдарка мен каноэде ескек есуден күміс медальға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді.
Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.
Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды - 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды - 1:49.585.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2432439-qazaqstan-quramasy-baidarka-men-kanoede-eskek-esuden-kumis-medalga-ie-boldy/
