Қазақстандық спортшы ушу-саньдадан Азия ойындарының күміс медаліне ие болды
Жарияланған күні:

Қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев ушу-саньдадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев ушу-саньдадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында бақ сынады.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта жүлдеге таласты.
Абдурашид финалда Иран өкілі Сохейл Мусавимен кездесіп, қарсыласына жол берді.
Осылайша Абдурашид Абдуллаев Азия ойындарын күміс медальмен аяқтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2432430-qazaqstandyq-sportshy-ushu-sandadan-aziia-oiyndarynyng-kumis-medaline-ie-boldy/
