Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

    Әлижан Аблағатов
    Әлижан Аблағатов. Фото: Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

    Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл – Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

    Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram