Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: Қазақстан қоржынына төртінші күміс медаль түсті

    велошабандоз Евгений Федоров
    Евгений Федоров. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында тасжолдағы велоспорттан Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ерлер арасындағы топтық жарыста қазақстандық спортшы Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып кесіп, Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды.

    Күміс жүлдеге Қазақстан командасының тағы бір өкілі Евгений Федоров ие болды. Ол Луценкодан екі минутқа қалып қойды. Велошабандоздың уақыт көрсеткіші – 4 сағат 15 минут 9 секунд.

    Үздік үштікті жапониялық Юхи Тодомэ түйіндеді. Ал тағы бір қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың ұлы Николай Винокуров мәреге жетінші болып келді.

    Айта кетейік, бұл – Евгений Федоровтың Азия ойындарында жеңіп алған екінші медалі. 2022 жылғы Ханчжоуда топтық жарыста дәл осы Федоров чемпион атанған еді.

    Азиада-2026: Қазақстан қоржынына төртінші күміс медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram