Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жүзуден екі қазақстандық спортшы Азия ойындарында топ-8 қатарына енді

    Глеб Коваленя
    Глеб Коваленя. Фото: Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің баспасөз қызметі

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстанның жүзуден ұлттық құрамасы жарыстың екінші күнін қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Дүйсенбіде ұлттық құрама өкілдері үш финалда жүлде үшін таласты.

    Қазақстан атынан сынға түскен Ксения Игнатова 28,55 секунд нәтижесімен 8-орыннан көрінді.

    Жарыс қорытындысы бойынша алтын және күміс медальдарды Қытай спортшылары еншілесе, қола жүлде Оңтүстік Корея өкіліне бұйырды.

    Азия ойындарында ерлер арасында 50 метрге еркін әдіспен жүзудің финалдық сайысына Қазақстан атынан сынға түскен Глеб Коваленя 22,17 секунд нәтижесімен 7-орынға тұрақтады.

    Оңтүстік Корея спортшысы алтын медаль еншілесе, күміс жүлде Гонконг өкіліне бұйырды. Үздік үштікті тағы бір Оңтүстік Корея спортшысы түйіндеді.

    Тағы бір қазақстандық жүзгіш Александр Румынский 50 метрге шалқалай жүзуден алдын ала кезеңде жарыстан шығып қалды. Іріктеуде ол 21-нәтиже көрсетті.

    Софья Абубакирова Игнатовамен бірге 50 метрге шалқалай жүзуден бақ сынағанымен, финалға жолдама ала алмады. Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша спортшы 15-орынға ие болды.

    Айбат Мырзамұратов 100 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеуде 12-нәтиже көрсетіп, финалға резервтік құрамға енді, алайда жарысқа қатысқан жоқ.

    Сонымен қатар Қазақстанның ерлер құрамасы 4х200 метрге еркін стильмен эстафеталық жүзуде алдын ала кезеңнен аса алмады. Максим Клименко, Максим Сказобцов, Александр Румынский және Фёдор Диденкодан құралған команда үздік ондықты түйіндеді.

    Жүзуден екі қазақстандық спортшы Азия ойындарында топ-8 қатарына енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram