Азиада-2026: ашылу салтанаты және 19 қыркүйектегі жарыс кестесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Сенбі, 19 қыркүйекте Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Назарларыңызға Қазақстан уақыты бойынша ашылу рәсімі қашан өтетінін және жарыс кестесін ұсынамыз.
Дүбірлі доданың ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Шара Нагоя қаласындағы "Палома Мидзухо" стадионында өтеді.
Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен спортшы Сарвиноз Миркадирова алып шығады.
Бұл күннің жарыс бағдарламасы ашылу салтанатына дейін аяқталады. Сенбі күні гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы өнер көрсетуін бастайды. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді және оған жеті команда қатысады.
Гандбол
Әйелдер
- 06:00. Қазақстан - Қытай
19 қыркүйектегі Қазақстан құрамасының қатысуынсыз өтетін жарыс кестесі:
Текбол
- 06:00. 1/2 финал (әйелдер) 06:30.
- 1/2 финал (әйелдер жұбы)
- 07:00. 1/2 финал (аралас жұп)
- 07:30. 1/2 финал (ерлер)
- 08:00. 1/2 финал (ерлер жұбы)
Баскетбол, әйелдер
Топтық кезең
- 06:00. Таиланд - Қытай (А тобы)
Гандбол
Әйелдер
- 06:00. Гонконг - Оңтүстік Корея
- 08:00. Жапония - Вьетнам
Ерлер, топтық кезең
- 08:30. Иран - Кувейт (В тобы)
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2429818-aziada-2026-ashylu-saltanaty-zhane-19-qyrkuiektegi-zharys-kestesi/
