Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды

    Аяна
    Аяна Қазбекова. Фото: ҰОК баспасөз қызметі

    Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында жартылай финал аяқталды. Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.

    Комитеттің хабарлауынша, отандастарымыз А және В тобындағы жартылай финалда семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run бәсекелерінде сынға түсті.

    А тобындағы барлық сайыстың қорытындысы бойынша Аяна Қазбекова 1363 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды. Ал Юлиана Петрова 1345 ұпай еншілеп, тоғызыншы орынға тұрақтады.

    Сондай-ақ В жартылай финалында сынға түскен Диана Щедрова барлық дисциплинаның қорытындысы бойынша 1356 ұпай еншілеп, бесінші орын алды. Осылайша қазақстандық спортшылар финалға жолдама алды.

    Жарыс ережесіне сәйкес әр топтан үздік тоғыз спортшы финалға шығады.

    Айта кетейік, әйелдер арасындағы финалдық бәсеке 20 қыркүйекте өтеді.

    Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram