Қазақстандық волейболшы қыздар 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
В тобындағы алғашқы кездесуінде Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын ұлттық құрама Филиппинмен шеберлік байқасты. Ойын қазақстандықтардың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды (27:29, 26:24, 25:23, 25:19).
Филиппин құрамасы үшін бұл 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші матч болды. Бір күн бұрын олар Қытайдан 0:3 есебімен жеңілген еді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы ширек финалға жолдама алды. Плей-офф кезеңіне әр топтан ең мықты екі команда шығады. Филиппиндіктер ширек финалға өту мүмкіндігінен айырылды.
18 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай құрамалары топтағы көшбасшыны анықтайды. Матч Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2428995-qazaqstandyq-voleibolshy-qyzdar-2026-zhylgy-aziia-oiyndarynyng-shirek-finalyna-shyqty/
