Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақ спортшысы триатлоннан Азия кубогында алтын алды

    Дарын Қонысбаев
    Дарын Қонысбаев. Фото: Olympic.kz

    Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті. Қазақстандық спортшы Дарын Қонысбаев ерлер арасындағы бәсекеде алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз жарыс жолын 1:00:49 уақытта бағындырды, деп хабарлайды baq.kz.

    Григорий Антипов (Ресей) күміс медальға ие болды - 01:01:01. Тағы бір ресейлік спортшы Алексей Петровский үздік үштікті түйіндеді - 01:01:17.

    Ал Рамазан Әйнегов 20-орын, Елмұрат Қанай 25-орын, Нұрасыл Сапарбек 26-орын, Федор Кузнецов 30-орын, Арсений Шевченко 31-орын, Матвей Шевнин 35-орын, Әлинаби Маралбеков 40-орынға тұрақтады. 

    Әйелдер арасында үздік нәтижені Алуа Нұрмұхамет көрсетті. Ол 14-орынға ие болды. Ал Калерия Шнейдер 18-орын, Арина Шульгина 19-орын, Рамина Агабаев 20-орын, Вероника Иванюк 22-орынға жайғасты.

    Қазақ спортшысы триатлоннан Азия кубогында алтын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram