Дзюдодан Бакудегі әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі белгілі болды
Жарияланған күні:

Бакуде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан дзюдо федерациясы Instagram-дағы парақшасында хабарлағандай, ел құрамасы әлем біріншілігінде жекелей және аралас-командалық жарыстарда бақ сынайды.
Әлем чемпионаты Әзербайжан астанасы Бакуде 4-11 қазан күндері өтеді деп жоспарланған.
Жарыста өнер көрсететін ерлер құрамасы:
- -60 кг: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов
- -66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
- -73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
- -81 кг: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
- -90 кг: Данил Крылов
Әйелдер
-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
-63 кг: Эсмигүл Куюлова
-78 кг: Аруна Жангельдина
+78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Аралас-командалық жарыс
Ерсұлтан Дүйсенхан (-73 кг), Данил Крылов (-90 кг), Ермахан Ануарбеков (-90 кг), Жантілек Нұртілепұлы (+90 кг), Дина Мұханбет (-57 кг), Дана Абдирова (-57 кг), Асхат Ажар (-70 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг).
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2427357-dziudodan-bakudegi-alem-chempionaty-qazaqstan-quramasynyng-aldyn-ala-tizimi-belgili-boldy/
