Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Азия ойындары: қазақстандық баскетболшылар топтық кезеңнен әрі аса алмады

    баскетболшылар
    Баскетболшылар. Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

    Қазақстан баскетболшылары Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында баскетбол бәсекесінің топтық кезеңі мәресіне жетті.

    С тобында өнер көрсетіп Қазақстан ерлер құрамасы шешуші ойында Бахрейнмен алаңда жолығып, 78:101 есебімен есе жіберді.

    Осылайша отандастарымыз топтағы барлық үш ойында қарсыластарына жол беріп, плей-оффқа өте алмады.

    Айта кетейік, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic стадионында өтеді.

    Азия ойындары: қазақстандық баскетболшылар топтық кезеңнен әрі аса алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram