Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тарихи жеңіс: Ерекешева көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде алтын медаль иеленді

    Ақмарал Ерекешева
    Ақмарал Ерекешева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық Ақмарал Ерекешева спорттық мансабында алғаш рет көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінің чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жексенбіде Чехияның Брно қаласында жарыс өз мәресіне жетті. Қатысушылар жекелеген жаттығу түрлері бойынша жүлделерді сарапқа салды.

    Ерекешева шығыршықпен жаттығуда үздік нәтиже көрсетті (29,150 ұпай). Бұған дейін қазақстандық гимнасшылардың ешқайсысы Гран-при кезеңінде бұл бағдарлама бойынша жеңіске жетпеген еді.

    Ұлттық құрама қоржынында бұған дейін осы халықаралық серияның үш алтын медалі болған. Әлия Юсупова ұршықпен жаттығуда екі рет Гран-при кезеңінде топ жарды. Эльжана Таниева доппен жаттығуда бір рет жеңіс тұғырынан көрінді.

    Ерекешева жарыстың соңғы күні басқа да жаттығу түрлерінде күміс жүлделерге ие болды. Ол доппен және ұршықпен жаттығуда тек украиналық Таисия Онофрийчукке есе жіберді. Ал таспамен жаттығу финалында польшалық Лилиана Левинскаядан қалып қойды.

    Осылайша, 16 жастағы қазақстандық спортшы Брнодағы Гран-при кезеңін бес медальмен аяқтады. Оның еншісінде бір алтын және төрт күміс медаль бар. Бір күн бұрын ол жеке көпсайыста тек Онофрийчукке жол беріп, вице-чемпион атанған болатын.

    Тарихи жеңіс: Ерекешева көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде алтын медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram