Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Тәжікстанды ойсырата жеңді

    Көкпардан Қазақстан құрамасы
    Көкпардан Қазақстан құрамасы. Фото: Фото: Байбори Кудайберген

    Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыстар жалғасуда. Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    В тобында ұлттық құрама Тәжікстан командасымен кездесті. Ойын 16:3 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

    А тобында Ресей құрамасы АҚШ командасын 17:6 есебімен жеңді. Қырғызстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы матч алаң иелерінің 16:11 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

    Көкпардан Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 4 қыркүйекте Венгрияға қарсы өткізеді. Топтық кезеңнің соңғы ойыны Астана уақытымен сағат 16:10-да басталады. Жеңіс қазақстандықтарға финалға жолдама береді.

    Бұған дейін көкпардан ұлттық құрама да жарысты ірі есеппен бастаған болатын. Көкпар – ат үстіндегі ойынның қазақша нұсқасы, ал көк-бөрі – қырғызша нұсқасы.

    Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Тәжікстанды ойсырата жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram