Қазақстан құрамасы Қырғызстандағы Көшпенділер ойындарында алғашқы алтындарын иеленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық спортшылар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан (эр эңиш) екі алтын медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыс чемпионы атанды.
Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары.
Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2421984-qazaqstan-quramasy-qyrgyzstandagy-koshpendiler-oiyndarynda-algashqy-altyndaryn-ielendi/
