Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты (фото, видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында
    Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында. Фото: Ақорда

    Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды.

    Қазақстан командасы
    Қазақстан командасы. Фото: Ақорда

    Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Түркия президенті Ердоған
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Түркия президенті Ердоған. Фото: Ақорда

    Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі.

    Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram