Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында Таиланд құрамасынан ұтылып қалды
Жарияланған күні:

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетуде. Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесті. Бұл ойында қарсыластар 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды 1bol.kz.
Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аустралияны жеңіп, бір рет жеңіске жетті. Ал Таиланд пен Индонезия құрамаларына есе жіберді.
Азия чемпионатының ширек финалына әр топтан үздік екі команда жолдама алады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы B тобында екінші орында тұр. Алайда командалардың қорытынды орны 26 тамызда өтетін Индонезия мен Аустралия құрамалары арасындағы матчтан кейін белгілі болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2417847-qazaqstan-voleibolshylary-aziia-chempionatynda-tailand-quramasynan-utylyp-qaldy/
