Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бразилияны тізе бүктірді: дзюдодан Қазақстан кадеттер құрамасы аралас командалық жарыста топ жарды

    Қазақстан кадеттер құрамасы
    Қазақстан кадеттер құрамасы. Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

    Дзюдодан Қазақстан құрамасы Эквадорда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының аралас-командалық жарысында жеңімпаз атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездескен.

    Негізгі белдесулер 3:3 есебімен тең аяқталған соң жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылған. Жеребе бойынша -48 кг салмақ дәрежесі түсіп, шешуші кездесуде Иянат Жұбатқан Қазақстанға чемпиондық атақты сыйлаған.

    Финалда Қазақстан сапында Расулхан Ғабит (-60 кг), Інжу Жұмажан (-63 кг), Бекали Еркен (-81 кг), Тоғжан Төлебай (+63 кг), Әділжан Жаудинов (+81 кг) және Иянат Жұбатқан (-48 кг) өнер көрсеткен.

    Қазақстан құрамасы жарыс жолында Болгарияны 4:1 есебімен, ширек финалда Жапония құрамасын 4:2 есебімен, ал жартылай финалда Өзбекстан спортшыларын 4:2 есебімен жеңген.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет кадеттер арасындағы әлем чемпионатының аралас командалық жарысында жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жекелей жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 10 медаль жеңіп алып, жалпы медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады.

    Бразилияны тізе бүктірді: дзюдодан Қазақстан кадеттер құрамасы аралас командалық жарыста топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram