Елена Рыбакина Ига Швентекпен ойын барысында алған жарақаты туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің 1/4 финалындағы ойынды неліктен тоқтатуға мәжбүр болғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ WTA баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің 1/4 финалын аяқтай алмады. Нәтижесінде Ига Швентек жартылай финалға жолдама алды.
Кейін Рыбакина бұл мәселе оны ұзақ уақыт бойы мазалап келгенін мәлімдеді. Ол хард корттағы соңғы матчтар сериясынан кейін денсаулық жағдайы мәз емес екенін түсінген.
"Әрине, қазір өзімді жайлы сезініп тұрған жоқпын. Тіпті допты қайтара алмадым. Жүрсем, аяғым ауырады. Ертең МРТ түскеннен кейін нақты жағдай белгілі болады. Бұл мәселе мені ұзақ уақыттан бері мазалап жүр.
Бәрі бақылауда болған еді. Бірақ Канададағы көптеген ойыннан және мұндағы қатарынан өткен екі матчтан кейін жағдай қиындады. Магдалена Фрехке қарсы матч жаңбырға байланысты тоқтатылғаннан кейін ауырсыну сезімі күшейе түсті. Ойын алдында өзімді қалыпты сезінген едім. Өкінішке қарай, бір сәтсіз қозғалыс пен сәтсіз жерге түскен соң бірнәрсе болып қалды", - деді Рыбакина.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2415828-elena-rybakina-iga-shventekpen-oiyn-barysynda-algan-zharaqaty-turaly-aitty/
