Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде үздік үштікке ену үшін бағын сынайды

    Бибісара Асаубаева
    Бибісара Асаубаева. Фото: Mahmud HAMS / AFP via Getty Images

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 халықаралық турнирінде алғаш рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сегізінші турда қазақстандық гроссмейстер Қытайдың бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъиге қарсы ойнады. Партия қытайлық шахматшының жеңісімен аяқталды.

    Сегіз турдан кейін Асаубаеваның еншісінде 4,5 ұпай бар. Ол турнирде екі рет жеңіске жетіп, бес партияны тең аяқтады және бір рет жеңілді.

    Қазір қазақстандық шахматшы америкалық Карисса Йиппен бірге үшінші-төртінші орындарды бөлісіп тұр.

    Турнирде 6,5 ұпай жинаған Тань Чжунъи көш бастады. Екінші орында 5,5 ұпаймен АҚШ өкілі Алиса Ли келеді.

    Тоғызыншы, шешуші турда Асаубаева үндістандық Хампи Конерумен кездеседі. Жеңіс қазақстандық шахматшыға үздік үштікке енуге мүмкіндік береді.

    Cairns Cup 2026 турнирі Сент-Луис қаласында 12 басталды және 21 тамызға дейін жалғасады. Соңғы турдан кейін жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.

    Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде үздік үштікке ену үшін бағын сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram