Қазақтың жас балуаны Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионы атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазыбек Қалмағамбетов күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) топ жарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Турнир Словакия астанасы Братиславада өтіп жатыр. Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қалмағамбетов финалға дейінгі жолында төрт балуанды жеңді.
Шешуші белдесуде оның қарсыласы беларусьтік Михаил Марковский болды. Тартысты кездесу 13:7 есебімен қазақ балуанының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, 19 жастағы Қазыбек Қалмағамбетов 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионы атанды.
Бұл алтын медаль – Қазақстан құрамасының осы турнирдегі алғашқы жүлдесі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2414582-qazaqtyng-zhas-baluany-qazybek-qalmagambetov-alem-chempiony-atandy/
