Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева қатарынан екінші беделді турнирде жеңіске жетті

    Соня Жиенбаева
    Соня Жиенбаева. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өткен W35 санатындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында мәресіне жеткен W35 санатындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды.

    Әлемдік рейтингте 450-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисші финалда WTA рейтингінің 332-сатысындағы Қытай өкілі Юфей Ренмен кездесті.

    Матч екі сетке созылып, Жиенбаеваның 7:6 (8:6), 7:5 есебімен жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 46 минут өткізді. Бірінші партияның жеңімпазы тай-брейкте анықталып, Соня қарсыласынан басым түсті. Екінші сетте де қазақстандық спортшы басымдығын сақтап, кездесуді жеңіспен аяқтады.

    Жиенбаева үшін бұл – World Tennis Tour турнирлеріндегі қатарынан екінші титул. Бір апта бұрын ол Испанияның Оренсе қаласында өткен жоғары санаттағы W75 турнирінде топ жарған еді. Сол жарыстың финалында Соня болгариялық Изабелла Шиникованы жеңді.

    Осылайша, Жиенбаева Испанияда екі апта ішінде қатарынан екі титулды – Оренседегі W75 және Вигодағы W35 турнирлерінің чемпиондық атағын жеңіп алып, кәсіби деңгейде сәтті өнер көрсете білді.

    Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева қатарынан екінші беделді турнирде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram