Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында 16 жастағы Ақмарал Ерекешева 6-орын алды
Жарияланған күні:

Франкфуртте көркем гимнастикадан әлем чемпионатының жекелей көпсайыс финалы аяқталды. Додада Қазақстанның намысын қорғаған Ақмарал Ерекешева 6-орыннан көрінді, деп хабарлайды baq.kz.
16 жастағы қазақстандық гимнаст, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 116,000 ұпай жинап, алтыншы орын алды.
Жарыстың жүлдегерлер үштігі:
- Дарья Варфоломеева (Германия) – 119,500 ұпай;
- Стилиана Николова (Болгария) – 117,600 ұпай;
- София Раффаэли (Италия) – 117,550 ұпай.
Жекелей көпсайыста 73 елден 102 спортшы өнер көрсетті.
Ақмарал Ерекешева енді 16 тамызда өтетін таспа және шоқпармен жаттығу финалдарында бақ сынайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2413106-korkem-gimnastikadan-alem-chempionatynda-16-zhastagy-aqmaral-erekesheva-6-oryn-aldy/
