Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған теннисші жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.
Матч үш сетке созылды. Ойын 5:7, 6:2, 6:2 есебімен Рыбакинаның жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 2 минут ойнады. Елена бес эйс жасап, бір рет қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің сегізінші ракеткасы, поляк Ига Швентекпен кездеседі. Ал Швентек жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны (WTA №9) ұтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2412256-rybakina-torontoda-otip-zhatqan-wta-1000-turnirining-finalyna-shyqty/
