Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Anadolu/Getty Images

    Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Рыбакина ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы, жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

    Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Есеп – 4:6, 7:6 (7:5), 6:4.

    Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, доп беруде 6 рет қателесті және 6 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

    Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

    Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram