"Абсолютті чемпион": 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында 5 алтын алды
Жарияланған күні:

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 15 жастағы Снежана Қашқарова 5 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Федерацияның Instagram-дағы арнасында хабарланғандай, Өзбекстандағы додада Снежана Қашқарова ерекше көзге түскен.
15 жастағы спортшы сәтті өнер көрсетіп, Азияның 3 және әлемнің 3 рекордын жаңартқан:
- 88 кг – жұлқа көтеруде;
- 112 кг – серпе көтеруде;
- 200 кг – қос сайыс нәтижесінде.
Бұл нәтиже жарыстағы ең үздік көрсеткіш болған.
"Снежана 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 5 алтын медаль иеленді. Ол 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия құрлығының абсолютті чемпионы атанды!"- делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2410811-absoliutti-chempion-15-zhastagy-qazaqstandyq-auyr-atlet-aziia-chempionatynda-5-altyn-aldy/
