Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық үстел теннисшісі АҚШ-та өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Алан Құрманғалиев
    Алан Құрманғалиев. Фото: ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев АҚШ-та өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

    Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.

    Ал финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

    Қазақстандық үстел теннисшісі АҚШ-та өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram