Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шайдоров ресейлік бапкер Урмановпен жұмысын жалғастыра ма: спортшы оқырман сұрақтарына жауап берді

    Михаил Шайдоров пен Алексей Урманов
    Михаил Шайдоров пен Алексей Урманов. Фото: Сали Сабиров/ҚР Ұлттық олимпида комитеті

    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Instagram желісіндегі парақшасында оқырман сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ол ресейлік бапкер Алексей Урмановпен әлі де жұмыс істеп жатқанын айтты.

    Михаил Шайдоров stories-те оқыманының бірқатар сұрағына жауап берді. Соның ішінде 2030 жылғы Олимпиадаға дайындығы туралы да сұрақ болды.

    "Иә, әрине. Мен тынбай жаттығып, бар назарымды соған аударамын", - деп жауап берді Шайдоров.

    Сонымен қатар спортшы өзін Олимпиадаға дайындаған ресейлік бапкер Алексей Урмановпен әлі жұмыс істеп жатқанын айтты.

    "Әрине, маусымға дайындалып жатырмыз", - деп жауап берген Шайдоров бапкерімен бірге түскен суретін жариялап.

    Шайдоров пен Умаров
    Шайдоров пен Умаров. Скриншот: instagram.com/mikhail_shaidorov

    Сондай-ақ Михаилға қай елде тұрғысы келетіні туралы сұрақ қойылды.

    "Мен өз Отанымда тұрамын және осында тұрғым келеді", - деп жауап берді мәнерлеп сырғанаушы.

    Сұрақтарға жауап беру барысында Михаил өзінің кумирі Геннадий Головкин екенін айтып, оны "тарихтағы ең ұлы спортшы" деп атады.

    Шайдоров ресейлік бапкер Урмановпен жұмысын жалғастыра ма: спортшы оқырман сұрақтарына жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram